2023 жылғы 20 қазанда «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ және Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» бірлесе отырып № 45 орта мектеп базасында «Менің эко-мектеп өмірім» қала мектептерінде әдістемелік экокүндер аясында экотренингтер мен сурет байқауын өткізді. Аталған шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау бойынша кешенді шаралар» гранттық жобасы аясында өтіп жатыр.
«Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ-ның жоба үйлестірушісі Джазбаева Камарья Рамазановна балаларға экотренингтер өткізіп, оларға экологиялық мәселелер мен адамдық фактордың қоршаған ортаға әсері туралы айтып берді. Сонымен қатар балаларға қызықты тапсырмалар беріліп, ойындар ойнатылды. Экология бөлімінің меңгерушісі Абдиреева Айгуль Амангельдиевна балаларға қоқыстарды сұрыптау туралы шеберлік сыныбын көрсетіп, викториналық сұрақтар қойды, балалардың экологиялық білімін байқады.
Сонымен қатар 9-13 қазан аралығында «Экология балалар көзімен» тақырыбында онлайн сурет байқауы өткізілген болатын. Оған 300-ге тарта сурет қабылданып, оның ішінен 35 сурет үздік деп танылып, дипломдар мен сыйлықтар таратылды. Сол байқау аталған мектепте оффлайн өткізіліп, оған 40 оқушы қатысып өз өнерлерін көрсете білді. Қорытындысында жеңімпаз балалар орталықтың және қордың дипломдарымен, сыйлықтармен марапатталды.