Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу, қоршаған ортаны ластамауға, табиғат байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу мақсатында «Табиғатты аялай да, қорғай білейік!» эссе байқауы өткізілді.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау бойынша кешенді шаралар» гранттық жобасы аясында «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ және Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» бірлесуімен жүзеге асып жатыр.
Байқауға 100-ден астам жұмыс ұсынылды, жеңімпаздар сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.