Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына саяхат

29 маусым күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдай жасау бойынша кешенді шаралар» гранттық жобасы аясында «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» және «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен оқушылар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына саяхатқа барды. Мақсаты: оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, құстарды табиғат жағдайында бақылау, зерттеу. Оқушылардың дүниетанымын дамыту, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.

Алдымен оқушылар Қорғалжын қорығының мұражайымен танысты. Мұражай қызметкерлері қорық туралы бейнефильм көрсетіп, мұражай экспонаттарымен, тарихымен таныстырды. Сонымен қатар «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ-ның жоба үйлестірушісі Джазбаева Камарья Рамазановна мен мұражай басшысының ғылыми орынбасары, орнитолог Федулин Александр Евгеньевич «Қоқиқаз және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар» тақырыбында мейірімділік сабағын өтті. Сабақ барысында құстардың тіршілігі туралы қызықты мәліметтер келтірілді, олардың санының азайып бара жатқандығы туралы, оларды қорғау, сақтау шаралары туралы айтылды. Сабақтың қорытындысында балалар сурет салып, құстар туралы эссе жазды.

Мұражайдың инспекторлары балаларды Саумалкөл көліне апарып, қоқиқаздар және басқа да құстарды көрсетті. Қоқиқаздар тыныштықты сүйетін құстар болғандықтан шу олардың тіршілігін бұзады, сондықтан инспекторлар оларды қашықтан дүрбімен, оптикалық құрылғылар арқылы қарауға мүмкіндік берді. Оқушылар құстардың жемін аулауын, ұшуын, тіршілігін бақылады, олардың әсемдіктерін тамашалады. Жалпы аталған саяхаттан балалар көп мәліметтер мен естеліктер алып қайтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *